Орхон-Енисей ескерткіштері — қазақ және түркі тарихы үшін аса маңызды жазба ескерткіштер болып табылады. Бұл ескерткіштер көне түркі жазба мұраларының ең үлкен үлгілерін құрайды және түркі халықтарының мәдениеті, тарихы мен тілі жайында баға жетпес деректер береді. Орхон-Енисей жазбаларының ғылыми мәні зор, себебі олар тарихи оқиғалар мен адамзаттың рухани өмірінің көрінісін сипаттайды. Мектеп оқулықтарында Орхон-Енисей ескерткіштерінің мәтіндерінің оқытылуының деңгейі мен олардың оқушыға жеткізілуі өте маңызды. Бұл ескерткіштердің қазақ мектептерінің тарих, әдебиет және тіл пәндері бойынша оқытылуы мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыруда маңызды орын алады. Орхон-Енисей жазбаларының оқу бағдарламасында орын алуы, олардың мәтіндері мен мән-мағынасын оқушыларға дұрыс жеткізу тәсілдері осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Орхон-Енисей ескерткіштерінің мәтіндерінің мектеп оқулықтарында қаншалықты терең және дұрыс оқытылып жатқанын сараптау. Бұл зерттеу барысында аталған ескерткіштердің мәтіндері бойынша оқулықтардағы материалдар, әдіс-тәсілдер мен оқыту деңгейі қарастырылады. Сонымен қатар, оқулықтардағы Орхон-Енисей ескерткіштерінің мәтіндерінің оқушыға түсінікті әрі қызықты түрде берілуі, ғылыми тұрғыда дәлелді баяндалуы мен олардың түркі жазба әдебиетіндегі орны талданады. Орхон-Енисей ескерткіштерінің мектеп оқулықтарында тиімді оқытылу жолдарын анықтап, оларды оқушыларға дұрыс және толықтай түсіндірілетіндей етіп қайта қарастыру қажет деген ұсыныстар жасалады. Бұл жұмыс мектеп оқушыларына түркі мәдениетінің негізгі белгілерін, тарихы мен тілін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.
Түркі жазба мұралары, оқытылу деңгейі, тарихи мұра, түркі мәдениеті.