Бұл мақалада қазақ қалжыңының мәдени және тілдік мәні, оның коммуникативтік-прагматикалық аспектілері қарастырылады. Қалжың тек көңіл көтеру құралы ғана емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымы мен әлеуметтік құндылықтарын бейнелейтін құрал ретінде талданады. Мақалада деңгейлік тәсілдерді қолдану арқылы қалжыңды оқыту әдістемесі ұсынылып, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған практикалық ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, қалжың мәтіндерін прагматикалық талдаудың рөлі қарастырылған.
Қазақ қалжыңы, коммуникативтік прагматика, тілді оқытудағы әзіл, деңгейлік тәсіл, прагматикалық құзыреттілік, лингвистикалық қалжың, қазақ тілін үйрену.