Abstract


The Translanguaging Approach in Linguodidactic Research: The Issue of Language Interference

Қазіргі таңда жаһандану процесінің жеделдеуі және көптілді ортаның кеңеюі нәтижесінде мәдениеттер мен тілдердің өзара ықпалдасуы күшейіп келеді. Осыған байланысты лингводидактикада дәстүрлі монолингвалды оқыту үлгілері біртіндеп өз маңыздылығын жоғалтуда. Бұл жағдай оқыту процесіне жаңаша көзқарас енгізуді, оның теориялық және әдістемелік негіздерін қайта қарастыруды, қолданыстағы оқыту үлгілерін бейімдеуді және жаңа оқыту стратегияларын әзірлеуді қажет етеді. Бүгінгі таңда болашағы зор әдістердің бірі – транслингвалды тәсіл. Бұл әдіс тілді оқшауланған жүйе ретінде емес, білім алушының когнитивтік және коммуникативтік кеңістігінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Транслингвизм теориясы бірнеше іргелі ғылыми ұстанымдарға негізделеді. Аталған зерттеулер транслингвалды әдістің негізгі қағидаларын айқындайды. Тілді оқыту процесінде үйренуші екі тілді қатар белсенді қолданған кезде, интерференция құбылысы әрі қиындықтар туғызуы, әрі оқуды жеңілдетуі мүмкін. Мұндай интерференция тілдің барлық деңгейінде көрініс табады. Жалпы, тілдік интерференция – транслингвальды оқытуда жиі кездесетін құбылыс. Дегенмен, оны тиімді әдістер арқылы басқаруға және әсерін азайтуға болады.



Keywords

Тірек сөздер: транлинвалды тәсіл, лингводидактика, тілдік интерференция


Kaynakça