Abstract


Kazakh Woman: Colonization and Emancipation

Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесі постотарлық феминизм тұрғысынан қарастырылады. Кеңес мемлекеті гендерлік компонентті отарлық үстемдіктің жұмыс істеуі мен заңдылығын қамтамасыз етудің негізі ретінде пайдаланғандығы талданады. Қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесін постотарлық феминизм тұрғысынан қарастыру оның тарихи, әлеуметтік және мәдени контекстегі орнын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл көзқарас қазақ әйелінің отарлық және постотарлық кезеңдердегі рөлін, Кеңес үкіметі жүргізген гендерлік саясаттың ықпалын және қазіргі заманғы феминистік дискурстағы орнын талдауға көмектеседі. Осы орайда мақалада қазақ әйелдерінің тәжірибесі жергілікті ерекшеліктер ескеріле отырып зерттеледі. Бұл тәсіл патриархат пен отаршылдықтың тоғысуын, олардың қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайына әсерін, олардың болмысындағы өзгерістерді түсінуге септігін тигізеді және қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік мәселелерін тереңірек ашуға мүмкіндік беретіні сөз болады



Keywords

қазақ әйелі, постколониализм, феминизм, гендерлік теңдік, кеңес үкіметі, дискурс, азат ету.


Kaynakça