Қазіргі білім беру жүйесінде медиаресурстарды пайдалану – оқытудың жаңа форматтарын дамытуға және білім алушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды әдістердің бірі. Медиабілім – бұл оқушылардың ақпараттық кеңістікте дұрыс бағыт алуы, сыни ойлау қабілетін дамытуы және цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануы үшін қажет білім мен дағдылар жиынтығы. Қазақ тілін оқыту барысында медиаресурстарды қолдану оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге, олардың сөздік қорын байытуға және тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру жəне жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында əр түрлі оқыту формалары мен əдістерін, мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру жəне оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау жəне қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі. Нақты бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке дара жəне топтық оқыту сияқты əр түрлі əдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар — электрондық оқулықтар. Жаңа технологиямен оқыту жүйесі — сабақта барлық білім алушының белсенді қатысуымен ұйымдастырылатын оқу үдерісінің бірі. Бұл ретте оқытушы мен тіл үйренушінің коммуникативтік қатынасқа негізделген қарым-қатынасының өзгермей сақталуы талап етіледі. Қазақ тілін оқытуда жаңаша оқыту технологиясын қолдану арқылы қоршаған ортада болып жататын əр түрлі жағдаяттар тарапынан алғаннан соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу керек. Жалпы, жаңаша технологияның түрлері өте көп. Мұның үстіне компьютерлік-ақпараттық технологиямен жасалатын жұмыс жүйелерін алатын болсақ, бұл технологияның сапалы білім беруде, танымдық қызығушылығын арттыруда алатын үлкен орны байқалады. Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орнында, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту курстарында оқыту жүйесі, жекелеген сабақ, бір қарағанда, күнделікті өтіп жататын жағдай сияқты. Бірақ тұтас оқыту жүйесі сияқты, бір сабақты өткізу барысында танымдық үдерістің небір күрделі түрлері өтіліп, адамның рухани əлемі қалыптасып жатады. Сонысымен де оқу үрдісінің танымдық үдеріс ретіндегі сыртқа қарапайым, ал ішкі мазмұны адам қалыптастыратын мүмкіншілігі айқындала түседі. Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен еркін сөйлеу тілін дамытуды маңызды орын алады. Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда медиаресурстардың алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Бұл мақалада қазақ тілін оқытуда медиаресурстарды тиімді пайдалану әдістері мен олардың оқыту процесіне тигізетін әсері қарастырылады.
медиа білім, коммуникация, цифрлық білім беру, ақпараттық-коммуникациялық құралдар, медиакеңістік, мультимедиалық оқыту