Бұл мақалада конфликт кезіндегі коммуникацияның гендерлік аспектісі қарастырылады. Гендерлік ерекшеліктер адамдардың қақтығыс жағдайларында қарым-қатынас жасау стиліне, ақпаратты жеткізу тәсілдеріне және дау-жанжалды реттеу стратегияларына айтарлықтай әсер етеді. Зерттеу барысында ерлер мен әйелдердің конфликтілі коммуникациядағы айырмашылықтары талданып, олардың вербалды және вербалды емес қарым-қатынас тәсілдері салыстырылады. Мақалада гендерлік лингвистика, коммуникативтік стратегиялар және конфликтология тұрғысынан қарастырылған теориялық және эмпирикалық материалдар негізінде, ерлердің жиі тікелей, бәсекелестікке бағытталған, қысқа және нақты сөйлеу тәсілдеріне бейім екендігі, ал әйелдердің жанама, эмоционалды, ынтымақтастыққа бағытталған коммуникацияны көбірек пайдаланатыны анықталады. Сондай-ақ әлеуметтік-мәдени факторлардың гендерлік коммуникацияға тигізетін әсері талқыланып, әртүрлі мәдени контекстегі ерекшеліктер көрсетіледі. Гендерлік аспектілерді ескере отырып, конфликтілік коммуникацияның динамикасын түсіну – әлеуметтік үйлесімділік пен келісімді нығайтудың маңызды факторы болып табылады.
тұлға, конфликт, коммуникация, гендерлік аспект, тілдік стратегиялар