Abstract


New Technologies – The Beginning of Quality Education

Мақала әдебиет пәнінде оқытудың жаңа технологияларын ұтымды қолдану сапалы білім бастамасы екенін түсіндіре келіп, сабақ беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Инновациялық технологияның білімгерлердің тұлғалық қасиеттерін дамытуда, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруде үлкен рөл атқаратынын тәжірибе жүзінде таныта отырып, қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудағы үйлесімді технологияның түрлерін сараптап көрсетеді. Мақалада ақпараттық технологияның оқу үрдісін жетілдірудегі мүмкіндіктерін де бере отырып, оқытудың инновациялық әдістерін қолданғаннан кейінгі қол жеткізген нәтижені де танытады. Мақала авторлары технология элементтерін өз іс-тәжірбелерінде ұтымды қолданып, білімгерлердің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру жолында жүргізілген практикалық сабақтардан үзінділер ұсынады. Пән бағдарламасына сәйкес жүргізілген нақты сабақтарда оқытудың, оның ішінде білімгерлерді дамыта отырып сыни тұрғыда ойландыруға жетелейтін эпизод-сабақтың көріністері, технология элементтерін ұтымды қолданудың оңтайлы жолы ұсынылады. Сабақ беру барысында білімгерлердің оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейіне жету жолындағы арнайы тапсырмаларды орындауларының тиімді әдіс-тәсілдерін де көрсете, инновациялық технология элементтерін тиімді пайдаланудың галереясын ұсынады.



Keywords

Кілтті сөздер: инновациялық технология, әдебиетті оқыту әдістемесі, технологиялық мәдениет, әдеби талдаудың төрт сатылы деңгейі, шығармашылық даму кезеңдері, Блум таксономиясы.


Kaynakça