Мақалада Мағжан Жұмабаевтың саяси көзқарасының қалыпта-суынадағы негізгі факторлар:; тәрбие мен ұлттық құндылықтар;, ұстаздары мен өскен ортасының әсері мен ықпалы; еліктеу мен өз стилін қалыптастырудағы ізденістері жайлы автор тұжырымдары дәйектеледі. Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсылықтан туған ақынның өлеңдеріндегі деректі жолдар, сан қырлы сазы бар өзіне тән символистік өрнектер талданады. Мағжан мұрасының 1989 жылы ақталғаннан кейінгі кезеңде жариялануындағы редакторлық түзетулер, қысқартулар сыры, текстологиялық ерекшеліктері де зерттеу аясына арқау болады. Ақынның түрікшілдік көзқарасының беріктігі, ұлттық рухтың жырлануындағы азаматтық ұстанымы, мәрт мінезі де мақалада көрініс тапқан. Романтик Мағжанның кейде символистерге, кейде сентименталист ақындарша жырлауы еліктей іздену жолындағы еуропалық үлгілерді ұлттық поэзиямызға әкелуі тәжірибелері еді. Мағжан поэзиясының өзгеше құбылысы, өлең жасау тəсіліндегі символикалық өрнектер «Түркістан» толғауында ақын бейнелеген көркемдік тәсілдерден айқын аңдалады. Ақынның интеллектуалдық поэзиясындағы танымдық, тәлімдік жолдардың жоғары пафосты шабытпен жырлануының мәні мен маңызыны туралы да автор өзіндік пікір ой түйіндейді. Автор бір ғасыр бұрын Мағжан ақын жырына идеялық арқау еткен «Тұран одағы» бірлігінің өзектілігін жоғалтпағаны әрі бүгін халықаралық деңгейде, қайта жаңғыруы, болашақта туыстас түрік тектес ұлттардың ынтымағының нығайуының шынайы көрсеткіші бола алатынына сенім артады.
Тұран, түрікшілдік, алаш, текстология интеллектуалды лирика