Сан ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін жеткен жыр-дастан, аңыз-әфсаналарды қазіргі ұрпақтың жадына жеткізіп, кейінгіге сақтаудың заманауи тиімді жолы – оларды экранизациялау болмақ. Осы орайда, соңғы жылдары қазақ фильмографиясында оң үрдіс қалыптасып келеді. «Хабар», «Қазақстан» телеарналары бұрынғы және кейінгі тарихи тұлғалар жайында көркем телехикаялар түсіріп, телеарналар мен әлеуметтік желілер арқалы таратып отыр. Сондай телетуындының бірі – «Қорқыт» көпсериялы фильмі мұндай әдістің өміршеңдігіне көз жеткізуде. Мақалада «Қорқыт» фильмінің тілі, ондағы түркіге ортақ терминдер мен архаизмдер, кісі, жер атаулары, сондай-ақ, кейіпкер бейнелері сөз болады. Эпикалық шығармалар немесе олардың кейіпкерлері жайлы экрандық шығармаларды әдеби талдау мен кәсіби сын тұрғысынан қарау олардың көптеп жарық көруіне және сандық қана емес, сапалық жағынан да арта түсуіне сеп болады деген ойдамыз.
Қорқыт, түркі тілі, архаизм, фильм, қобыз