Abstract


The Role of the Kazakh Intelligentsia in Cultural and Educational Life at the Beginning of the 20th Century

Қазан төңкерісіне дейін Түркістандағы халық ағарту ісінің өсуі мен дамуы, сондай-ақ халық ағарту деңгейі күрделі тарихи жағдайларда өтті. Большевиктер ұйымдастырған төңкерістен кейін өлкедегі жаңа оқу саясаты білім саласын жаңғырту қағидаттарына сай келетін бірқатар мәселелерді шешуге ықпал етті. Соның нәтижесінде Түркістан Республикасы үкіметінде қызмет еткен қазақ зиялылары мектептерде ана тілінде оқытуға шешуші мән беріп, осы бағыт арқылы ұлттық мәдениетті насихаттауға ұмтылды. Әсіресе, Түркістан халқының мәдениеті мен білімін көтеруде Ташкенттегі қазақ зиялылары, оның ішінде Алаш қайраткерлері ерекше рөл атқарды. Олардың халық ағарту жұмыстары оқу орындарының ашылуынан айқын көрінді. Ташкентте ашылған жоғары және орта оқу орындары Түркістан өлкесі мен Қазақстанның экономикасы мен мәдени өмірінің дамуына зор үлес қосты.



Keywords

Түркістан, қазақ зиялылары, оқу орындары, мәдени құрылыс


Kaynakça