Abstract


Narratological Techniques in R. Mukhanova’s Short Stories

Мақалада нарратологияның қызметіне теориялық түсініктер шетелдік және отандық ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, əр түрлі көзқарастардың оқиғаға қатысын шығармадағы нарратордың орнын талдап көрсетеді. Нарратологияның теорияларына салыстырмалы талдау келтірілді. Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» мен «Сарқаншық» әңгімелеріндегі нарратор, баяншының орнын анықтап, нарратордың қызметі салыстырмалы түрде талданады. Баяншы мәтінінің негізгі мағыналық қалыптастырушы және құраушы факторлары, оның негізгі бірлігін, көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша әуезелеушінің негізгі категорияларын айқындап көрсетеді. Нарратордың оны басқа мәтіндерден ерекшелейтін типтік ерекшеліктерін анықтау үшін баяншы мәтіндерінің сипаттамасына толығырақ тоқталып, салыстырмалы саралау жасалды. Негізгі философиялық ерекшеліктерге қарамастан, адам өзінің оқиғасын баяндау арқылы көптеген сәттері, оның ой - пікірлерінің нәтижесінде тарихтағы адамның өмір сүруінің өткен жолын білуге әсерін түсінуге әсер етеді. Мақалада нарратордың басқа мәтіндерден айырмашылығын көрсететін типтік ерекшеліктерін анықтау үшін нарратив мәтіндерінің сипаттамасы толығырақ көрсетілген. Сонымен қатар, нарратордың негізгі категориялары туралы көптеген отандық және шетелдік зерттеушілердің пікірлерінен мысал келтіріледі. Мақаланы жазу барысында Р.Барт, Ж.Женетт, М.Риффатер, А.Прието және орыс әдебиеттануында М.Ю.Лотманның мен Р.Якобсонның, Б.Шмидтің еңбектерімен қоса, А.Байтұрсынұлы, Б.Майтанов, Т.Есембеков, Ж.Дәдебаев, А.Темірболат және т.б. ғалымдардың ғылыми зерттеулері негізге алынды. Сондай-ақ ғылыми мақаланың нәтижелі болуы үшін герменевтикалық, салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи, сипаттау, жинақтау әдістері қолданылды.



Keywords

автор, әңгіме, автор бейнесі, дискурс, нарратор.


Kaynakça