Abstract


The 'Father and Son' Aitys of the Kazakh and Turkic Peoples

Айтыс – ежелден келе жатқан ұлттық құндылықтарды, ел өмірін, тарихи тұлғалар мен олардың елге жасаған игі істерін, тарих аясындағы түрлі ірілі-ұсақты оқиғаларды ұрпаққа жеткізуші әдеби мұралардың бірі. Айтыс – екі ақынның суырыпсалма талантына негізделген сөз өнері. Бүгінгі таңда айтыс түрлерінің ішінде әке мен бала арасындағы айтыс түрі кең танылып келеді. Бұрын-соңды айтыс тарихында кездеспейтін әке мен бала айтысының өзіндік ерекшелігі – жаңашылдығы мен халыққа ерекше қызықты болуында. Бұрын соңды әке мен бала арасындағы айтыс түрі қазақ айтыс дәстүрінде бұрын көп кездесе бермейтін тың үлгі болып табылады. Осыған сәйкес, мақалада түрік және қазақ халықтарындағы әке мен бала айтысының көрінісін қарастыру мақсаты көзделді. Қазақ халқында әке мен бала айтысы қазіргі заманғы айтыстың көркем үлгісі көрсете білген Айтақын Бұлғақов пен баласы Жандарбек Бұлғақовтың айтысы қарастырылса, түрік халқында XIX ғасырдың аяғында өмір сүрген атақты Шенлік ақын мен ұлы Қасым ақын арасындағы айтыс көрінісінен үзінді келтіріп талдау жасалды. Бұл айтыстың ерекшелігі отбасылық құндылықты дәріптей отырып, әке мен бала арасындағы рухани байланысты көркем сөзбен жеткізетін ерекше өнер туындысы ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижесінде айтыс өнерінің түркі халықтарына ортақ ерекшеліктері қарастырылып, қазақ және түрік халықтарының айтыс үлгілерінде кездесетін әке мен бала айтысының көрінісі сипатталып, өлең үзінділері жан-жақты талданды.



Keywords

айтыс, әке мен бала айтысы, жыр додасы, қазақ айтысы, түрік айтысы.


Kaynakça