Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстардың тарихы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен басталады. Әсіресе демократияны дамыту бойынша байланыстарының өзіндік тарихы бар. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында жасалған 1995 жылы, 2015 жылы екі бірдей келісім жасалды. Мақалада осы екі келісімдердің мәні, келісімнің демократияны дамытудағы орны анықталады. Автор тарапынан осы мәселеге қатысты өзіндік тұжырымы жасалады. Екі келісімнің баптары қарастырылып, оның демократия принциптерінің дамытуына қосатын үлесіне баға беріледі. Мысалы адам құқықтары, заң және оның үстемдігі, пікір білдіру еркіндігі, азаматтардың сайлау құқығы, мемлекеттік биліктің тармақталуы сияқты мәселелер ашылады. Автор тарапынан жасалған тұжырымдар жеке ізденісі мен тарихи құжаттарға негізделеді. Автор мақалада барысында ғылыми-зерттеу әдістерінің үлкен бөлігін қолданады. Мәліметтерді салыстырмалы талдау, сонымен қатар ретроспективалық әдіс арқылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстарды сипаттау жүзеге асады. Жалпыдан жалқыға өту әдісі арқылы алдымен Қазақстан мен Еуропалық Одақарасындағы байланыстардың тарихы ашылып, нақты демкоратияны дамыту ісі бойынша атқарылған шаралар анықталады. Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялағаннан кейін өз алдына дербес ел ретінде даму жолына түсті. Мемлекет үшін маңызды мәселелер өте көп еді. Олардың қатарында территориялық тұтастық, халықаралық қауымдастыққа мүше болу, азаматтық қоғамды қалыптастыру, заңның үстемдігіне қол жеткізу және тағы да басқа мәселелер. Солардың бірі демократиялық қоғам қалыптастыру және үнемі демократияны дамытуға көңіл бөлу еді. Міне осы мақсатта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстар орнығып, бүгінде даму үстінде.
халықаралық байланыстар, саясат, демократия, Қазақстан Республикасы, Еуропалық Одақ, заң, құқық, әріптестік.