Бұл мақалада радиоактивті элементтердің су көздеріне тигізетін әсері қарастырылады. Радиоактивті қалдықтардың су экожүйелеріне түсу жолдары, олардың таралу механизмдері мен негізгі ластану көздері талданады. Сондай-ақ, радиоактивті элементтердің тірі организмдерге, су ресурстарының сапасына және адам денсаулығына ықпалы жан-жақты зерттеледі. Су көздерін радиациялық ластанудан қорғау әдістері, оның ішінде физикалық, химиялық және биологиялық тазарту технологиялары қарастырылады. Мақала радиоактивті ластанудың алдын алу шараларын ұсыну арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.
радиоактивті қалдықтар, ластаушы көздер, су экожүйелері