Қазіргі уақытта климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануы жаһандық мәселеге айналды. Осыған байланысты экологиялық қауіпсіз химия зиянды қалдықтарды азайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада жасыл химияның негізгі қағидалары, оның ішінде қалдықтарды азайту, жаңартылатын ресурстарды пайдалану және уыттылығы төмен қосылыстарды жасау әдістері қарастырылады. Сонымен қатар, ластаушы заттардың шығарындыларын төмендетуге көмектесетін заманауи инновациялық технологиялар, соның ішінде жаңа буын катализаторлары, биологиялық ыдырайтын материалдар және энергия тиімді процестер талданады. Әсіресе, өнеркәсіптік химиялық процестерді жаңғырту арқылы экологиялық жүктемені азайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
жасыл химия, экология,, тұрақты даму, жаңартылатын ресурстар, катализаторлар, биологиялық ыдырайтын материалдар.