Арал теңізі аймағы соңғы бірнеше онжылдықта экологиялық дағдарысқа ұшырап, көптеген табиғи ресурстардың сарқылуына әсер етті. Арал теңізі көлемі бойынша әлемде үшінші орын алған, құрлық және су ресурстарына өте бай су айдыны болған. Алайда, антропогендік зардаптардың әсерінен экологиялық апат аймағына айналды. Арал теңізі табиғи, тарихи, мәдени туризм әлеуетіне бай өлке. Соңғы жылдары дүниежүзіндегі дамыған және дамушы елдерде аймақ туризмін тұрақты дамыту арқылы әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартудың сәтті жүзеге асырылған тәжірибелері айқындалуда. Арал өңірінің елді мекендерінде ауылдық туризмді дамыту аймақтың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға жаңа серпін береді. Мақалада Халықаралық тәжірибені талдау арқылы Арал өңіріндегі ауыл туризмін тұрақты дамыту мәселелері талқыланады.Ауылдық туризмді дамытудағы маңызды мәселелер жергілікті мәдениет пен дәстүрлерді сақтау, инфрақұрылымды жақсарту және қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану болып табылады.
Арал теңізі, ауыл туризмі, тұрақты даму, экологиялық туризм, жергілікті салт-дәстүрлер, инфрақұрылым, мәдениет.