Abstract


The Symbolic and Linguocultural Significance of Foot-Related Terms in the Kazakh Language

Бұл мақалада аяққа қатысты ағза атауларының, оның ішінде "табан" және "балтыр" сөздерінің символдық және лингвомәдени мағыналарына талдау жасалды. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі дене мүшелері атауларын танымдық, тарихи және мәдени тұрғыдан қарастыра отырып, олардың символдық және метафоралық мәндерін ашу. Бұл атаулардың шығу төркіні мен лексикалық дамуын және қазақ мәдениетіндегі орны мен маңыздылығын зерделеу – жұмыс бағытының негізгі өзегі. Мақалада тарихи-салыстырмалы әдіс, когнитивтік лингвистика тәсілдері (метафоралық тәсіл және прототиптік тәсіл, жүйелік тәсіл) және этимологиялық талдау қолданылды. Бұл әдістерді пайдалану арқылы "табан" сөзінің тұрақтылық, төзімділік және еңбек концептілерін бейнелеуі, ал "балтыр" сөзінің физикалық сипаттары мен шаршау, қажу ұғымдарымен байланысы ашылды. Сондай-ақ, бұл сөздердің метафоралық және символдық мәндері қазақ халқының дүниетанымы мен өмірлік тәжірибесі тұрғысынан қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде аяққа қатысты ағза атауларының тек анатомиялық мағынамен шектелмей, терең когнитивтік және мәдени негіздерге ие екендігі анықталды. Мәселен, "табан" сөзі тек аяқтың төменгі бөлігі ретінде ғана емес, сонымен бірге тұрақтылық пен төзімділіктің символы ретінде танылды. "Балтыр" сөзі физикалық мықтылық пен шаршау ұғымдарын бейнелейтін метафоралық қызмет атқарады. Бұл жұмыс қазақ тіліндегі дене мүшелерінің атауларын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін терең түсінуге ықпал етеді. Жұмыстың нәтижелері тілдік және мәдени зерттеулермен қатар, ұлттық таным мен құндылықтарды насихаттауда да маңызды рөл атқарады.



Keywords

Табан, Балтыр, Лингвомәдениет, Таным, Когнитивті Модель.


Kaynakça