Автор есту қабілеті нашар адамдарды жұмысқа орналастырудың әлеуметтік тәжірибелері тақырыбын егжей-тегжейлі қарастырады. Келесі аспектілерге ерекше назар аударылады: есту қабілеті нашар адамдарды жұмысқа орналастырудың әлеуметтік тәжірибесінің объективті компоненттері, есту қабілеті нашар адамдарды жұмысқа орналастырудың әлеуметтік тәжірибесінің субъективті жағының ерекшеліктері. Осы аспектілерді қарастырған кезде екі вектор таңдалды, біріншіден, жұмыс орнын іздеу кезінде мүгедектің негізгі қиындықтары мен әрекеттерін анықтауға бағытталған мәселелер бойынша респонденттердің пікірін бағалау. Екіншіден, респонденттердің мемлекет, қоғамдық ұйымдар, қоршаған орта тарапынан есту қабілеті нашар адамдарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуге қатысты әрекеттерге қатынасын анықтау болып табылады. Мақалада нашар еститін жандардың дүниежүзі бойынша статистикасының көрсеткіштері, неліктен бұл көрсеткіш жылдан – жылға өсім көрсетіп отырғаны жайлы ақпарат берілген. Адамдар қандай жағдайда есту қабілетінен айырылады және қандай әрекеттер жасау керектігі көрсетілген. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының нашар еститін жандарға қандай қолдау көрсету керектігін және де қоғамның толыққанды мүшесі болуға көмек беру керектігі жайлы кеңес берілген. Мүгедектерге олардың жас ерекшелігіне қарай көрсетілетін көмектерте тоқталып өткен. Сонымен қатар Түркия елінің есту қабілеті төмен жандардың ахуалы мен жұмысқа қамту мәселесіне назар аударылған. Зерттеу жұмыстары жүргізілген. Зерттеу нәтижелері ұсынылған. Мысалдар келтірілген, ұсыныстар берілген. Қорыта келе Қазақстанда есту қабілеті төмен жандардардың мүмкіндіктері мен қиындықтары жайлы мәселе қозғалады. Оларды шешу жолдары ұсынылып отыр.
статистика, мүгедек, қолдау, қоғам, диагностика, техникалық құралдар, дыбыстар