Abstract


“Living Knowledge”: Modern Opportunities for Enhancing the Educational Process in Linguodidactic and Methodological-Pragmatic Aspects

Жаңа мыңжылдықтар тоғысындағы білім берудің дамуы жаңа кезеңге аяқ басты. Адамзат өркениетіндегі білім жүйесінің эволюциялық дамуына көз жүгіртсек, қазіргі таңда білім теориялық деңгейден практикалық, қолданбалы сипатқа өтіп, оқытуды тұлғаға бағдарлау басымдыққа ие болып отыр. Дәл осындай кезеңде өткен ғасырдың басында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған «Тірі білім» ілімі ерекше мәнге ие бола бастады. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлы іліміндегі «Тірі білімнің» «Пайдалы білімге» ұласуы, ондағы «әдіс білім» мен «мәніс білімнің» қызметі білім мазмұнының өміршеңдігіне, адам өмірінің сапасын арттырудағы білімнің үлесіне қойылып отырған қазіргі білім беру парадигмасының талаптарымен үйлеседі. Осымен байланысты, «Тірі білім» ілімі тұтастай оқыту үдерісін лингводидактикалық және әдістемелік-прагматикалық тұрғыдан жетілдірудің заманауи мүмкіндіктерін талдаудың өзіндік үлгісін ұсынады. Мақалада Ұлт ұстазды Ахмет Байтұрсынұлының «Тірі білім» ілімінің қазіргі оқыту үдерісін әдістемелік-прагматикалық және лингводидактикалық бағыттарын жетілдірудің мүмкіндіктері талданады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының аталған тұжырымдамалық теорияларын жүйелі талдай отырып, қазіргі оқыту үдерісін жетілдірудің тиімді жолдары қарастырылады, «Тірі білім» ұғымының лингводидактикадағы мәні әдістемелік-практикалық аспектіде ашылып, оқытудың практикалық бағыттылығын күшейтудің жолдары сөз болады.



Keywords

«Тірі білім», Ахмет Байтұрсынұлы, лингводидактика, білім беру реформасы, әдістемелік прагматика, «әдіс білім», «мәніс білім», «пайдалы білім».


Kaynakça