Abstract


Teaching Philosophy Students from a Critical Point of View

Сын тұрғысынан ойлау жеке тәжірибеге сүйене отырып, бағалау, талдау мен логикалық пайымдау қабілеттері ретінде қарастырылады. Ол оқытушыдан ақпаратты түсініп, талдауға, дұрыс шешім қабылдауға бағыттайтын тапсырмалар жүйесін құруды талап етеді. Нәтижесінде өз ойы бар, оны негіздей алатын, фактілер мен болжамдарды ажырата білетін, дәйектей алатын тұлға қалыптастыру көзделеді. Бұл мақалада филолог студенттерге сын тұрғысынан оқытуда тілдік білім мен сыни ойлауды қатар дамытатын маңызды процесс екендігін түсіндіру арқылы оқытудың тиімді жолдары қарастырылған. Сын тұрғысынан оқыту әдісі арқылы студенттерге фразеологизмдердің тілдік, мәдени әрі мағыналық еркшеліктерін тереңірек түсінуге, әрі талдап, салыстырып, қолданылу сапасын сыни көзқараспен бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ фразеологизмдерді сын тұрғысынан оқыту жолдары қарастырылған.Тәжірибелік сабақтарға қажетті түрлі тапсырмалардың үлгілері ұсынылып, студенттерге фразеологизмдерді оқыту үшін бағыт-бағдар көрсетілген.



Keywords

фразеологизм, сыни ойлау, тәжірибе, технология, құзыреттілік.


Kaynakça