Abstract


Issues of Using Remote Sensing Materials in School Geography

Мақалада мектеп географиясында Жерді қашықтан зерделеу (ЖҚЗ) материалдарын қолданудың өзекті мәселелері қарастырылады. ЖҚЗ технологиялары қоршаған ортаның өзгерістерін бақылау, модельдеу және географиялық үдерістерді визуализациялау үшін маңызды құрал болып табылады. Зерттеу барысында 9 және 10-11-сыныптарға арналған география пәнінің үлгілік оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары мен ұзақ мерзімді жоспарларында ЖҚЗ материалдарының қарастырылуы мен олардың рөліне талдау жасалды және артықшылықтары сипатталды. Сондай-ақ, Германия, Түркия және Ресей тәжірибелеріне сүйене отырып және ЖҚЗ материалдарын артықшылақтарын негізге ала отырып, географиялық білім беруде қолдану мәселелері талқыланды.



Keywords

Жерді қашықтан зерделеу (ЖҚЗ), мектеп географиясы, оқу бағдарламалары, география оқулығы, географиялық білім беру.


Kaynakça