Тарих – мәдениеттің кез келген саласының, әрбір халықтың, бүкіл адамзаттың жады (адам баласының есте сақтауы). Әрбір жеке адамның өмір тарихы оның тұлғалық ерекшеліктерінен көрінсе (оның білімінен, мінез-құлқынан, ішерлігінен), бүкіл адамзаттың тарихы да қазіргі заманның барлық жетістіктері арқылы көрініс тапқан. Адамзаттың қазіргі заманауи жағдайын, оның әлеуметтік институттарын, мәдениеттің белгілі бір салаларын түсіну үшін олардың тарихын білу қажет. Сондықтанда бүгінгі таңда бүтіндей алғанда елдің тарихын білумен шектелмей, өз өлкеңнің, туып өскен жеріңнің тарихын білу маңызды. Өзіміздің туып өскен қаламыздың тарихын білу бізге не береді? Қаланың тарихын тану біздің кім екенімізді, біздің аталарымыздың кімдер екендігін түсінуге, бізге олар қандай өсиет қалдырды, өткенді бағалап, бүгінгіні түсінуге, болашаққа көз салуға, халықтың рухани қайта өрленуіне мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласының ежелгі тарихы санқырлы, оның қызықтығы мен ашылмаған сырларының көптігі соншалықты, оны тану бір ғанибет. Біз мақтаныш қылып айта жүретін мәселелер жетерлік.
Қазақстан қалаларының тарихы, Жайық қалашығы, Текке, жазба мәліметтер, археологиялық қазба жұмыстары