Еліміздің қазіргі кезеңдегі даму тарихын ғылыми жетістіктерінің негізінде түсініп, ұлттық тарихымыздың біртұтас бейнесін қалыптастыруымыз қажет. Бұл ретте оқиғаларды жариялағанда объективті шындық принципін басшылыққа алу қажет және жалған тарих жасап, оны бұрмалауға жол бермеу керек. Өткендерге ғылыми, объективті және диалектикалық көзқарас тарихи оқиғалардың барысына ықпал жасаған жеке тұлғаларға дұрыс баға беруге мүмкіндік береді. Кейбір жағдайда тарихты дәлденбеген қағида, болмаса зерттеусіз соқыр сезімге ғана сүйенген пікір ретінде қарадық. Шындығында бұл мүлдем олай емес. Тарих белгілі бір тәсілмен жазылмайды. Белгілі бір тарихи оқиғаны бағалау әрқашанда тиянақты тарихи деректер мен дәлелге сүйенеді. Қазақ хандығының қалыптасу және даму тарихын ондағы жеке тұлғалар, әрбір оқиғалар мен айтулы күндер зерттегенде олардың әрқайсысының ерекше орны бар. Мұның барлығы ұлты мен мекенінің қалыптасуының, бүтіндей алғанда оның этникалық дамуы мен халықаралық аренаға шығуының куәсі болып табылады. Біз қарастырып отырған кезеңде қазақ хандығы қалыптасу, нығаю, «уақытша әлсіреу» күшею және қазақ халқының этникалық территориясының толық қалыптасу кезеңдерінен өтті.
Қазақ хандығы, сыртқы саясат, Мұхаммед Қайдар Дулат және Қадырғали би Қасымұлы, Моғолстан, Қасым хан