Abstract


About Linguistic Representations of the "Sun" Cosmonym in Kazakh and English Languages

«Күн» космонимі астрономиялық атауларға жататын адамзатқа ортақ атаулардың бірі болып табылады. Дегенмен, әрбір ұлт осы ортақ әлемді өзінше көріп-біліп, өзінше түсініп, ұлттық әлемінің тілдік бейнесін жасайды. Әрбір ұлттың ерекшелігін оның тілі арқылы танып-білу қазіргі заманғы тілдік коммуникацияның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Ежелгі көне атаулар мен олардан туындайтын тілдік бірліктер лингвистиканың зерттеу нысаны болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – «Күн» ұғымының қазақ және ағылшын тілдеріндегі лингвомәдени-семантикалық ерекшеліктерін анықтап көрсету. Осы мақсатта қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Күн» ұғымының лингвомәдени ерекшеліктерін салыстыра зерттеу міндеттері қойылды. Әлемнің лингвистикалық бейнесі деңгейінде космонимдік жүйені салыстырмалы-типологиялық тұрғыда зерттеу кеңінен қолға алына қойған жоқ. Қазақ және ағылшын мәдениетіндегі «Күн» космонимінің семантикалық ерекшеліктерін анықтау бойынша ізденістерден алынған нәтижелер ономастиканың антропоөзекті бағытта дамуына теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды әсер етеді. Бұл зерттеу семасиология және лингвомәдениеттану салалары бойынша жаңа пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, қазіргі таңдағы зерттеудің құндылығы айқындалады. Мақала нәтижелері мен қорытындыларын жоғары оқу орындарында лексикология, семасиология, ономастика және лингвомәдениеттану пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтарда қосымша оқу материалы ретінде пайдалану тиімді болып табылады.



Keywords

космоним, әлемнің тілдік бейнесі, лингвомәдени семантика, салғастырмалы зерттеу, ономастика


Kaynakça