Abstract


Gender-conceptual character of taboo words in the language use of kazakh women

Гендерлік лингвистикада қазақ тіліндегі әйел адамдарға айтуға тыйым салынған сөздерді және олардың түп төркінін зерттеу маңызды. Гендер ғылымы жыныс бойынша әйелдер мен еркектердің арасындағы ерекшеліктерді зерттейді. Бұл ғылымның дамуы әрбір елде еркек пен әйелдерге қатысты көзқарастар мен талаптардың өзгерісіне алып келді. Бұл өзгерістер қазақ қоғамында да көрініс тауып жатыр. Себебі бүгінде қазақ қоғамында да әйел бейнесі, әйел тілі бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өзгерді деген пікірлер пайда болды. Мақаланың мақсаты – ерте заманнан осы уақытқа дейін жеткен, алайда біртіндеп жойылып бара жатқан тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптың түрлі сырын жалқы есім арқылы ашу, қосалқы (жанама) ат қоюға байланысты мәселелердің гендерлік сипатын қарастыру. Тілді зерттеудің этнолингвистика бағыты тіл мен мәдениет арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ әлемді түрлі этностық топтар арқылы тануды зерттейтін сала екендігі мәлім. Ұсынылып отырған мақалада қазақ салт-дәстүріндегі ат тергеу, табу және тыйым сөздерге гендерлік-концептуалдық талдау жасалады. Мақалада көтерілген мәселелерді талдауда шетелдік және Қазақстандық лингвист ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасалынады. Табу сөздерді лингвистикалық тұрғыдан талдауда диахронды-синхронды тұрғыдан сипаттау, этнолингвистикалық, когнитивтік, семантикалық әдістер пайдаланылады. Мақаланың теориялық маңыздылығы гендерлік лингвистика бағытында жазылатын зерттеу жұмыстарына материал ретінде пайдалануға болады.



Keywords

гендерология, қосалқы аталым, табу, , ат тергеу, әйел тілі.


Kaynakça