Мақалада қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда транслинвалды әдісті қолданудың моделін жасау туралы жазылған. Транслингвалды аспектіде оқытудың тиімділігі мен зарары болуы мүмкін тұстары және оны шешу жолдары жан-жақты талданып, екінші тілді транслингвалды әдіспен оқыту моделі ұсынылды. Қазақ тілін түркімен студенттерге меңгерту тәжірибесіне сүйеніп, транслингвалды оқыту қағидаларына, атап айтқанда біртұтас қарым-қатынас қағидасы, динамикалық тілдік орта, код ауыстыру және көптілділік, когнитивтік және әлеуметтік даму қағидасына негізділген оқыту кезеңдері қарастырылды. Сонымен бірге қазақ тілін транслингвалды аспектіде үйретудің моделі кезеңдерге бөлініп сипатталды. Олардың әрқайсысының оқу процесіндегі рөлі мен маңыздылығы талқыланды. Оқыту моделі төрт кезеңге бөлінді: дайындық кезеңі, интербелсенді үйрену, практикалық қолдану, бағалау және кері байланыс кезеңдері. Транслигвалды аспектіде оқытудың әр кезеңінде қолданылатын әдістер мен педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыратын жұмыстар тілді тиімді оқытудың кепілі болмақ. Әр кезеңді түсініп, материалдарды даярлау және оны жүзеге асыру үшін оқытушының өзі де транслингвалды оқытудың мәнін түсініп, қосымша тілдерді білуін қажетсінеді. Зерттеу нәтижелерін тілші мамандар қазақ тілін ғана емес, өзге тілдерді транслингвалды аспектіде оқыту үшін теориялық негіз етіп алуы мүмкін. Зерттеу ҚР Ғылым және жоғары білім ҒК қаржыландырған AP23487324 «Қазақ тілін түркітілдес студенттерге цифрлық технологиялар негізінде транслингвалды аспектіде оқыту», 2024-2026 ж. жобасы аясында жазылды.
транслингылы оқыту, оқыту модели, Көптилдилди, кодышил