Бұл мақалада ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ прозасындағы авторлық ұстанымның ерекшеліктері қарастырылады. Оның ішінде мәтіндегі автор ұстанымын композициялық құралдар арқылы жеткізу мәселесіне баса назар аударылады. Зерттеу барысында аталған кезеңдегі қазақ прозасындағы авторлық ұстанымның қалыптасуына тарихи және әлеуметтік контексті терең түсіну, ұлттық рухтың оянуы, рухани құндылықтарды сақтау және әлеуметтік әділеттілік мәселелерін көтеру сияқты түрлі факторлардың әсері талданады. Мақалада авторлық ұстанымның көркем мәтіндердің мазмұнына енуі, оның айқындылығы және әдебиеттегі эстетикалық рөлі мен ықпалы қарастырылады. Нақты мысалдар арқылы авторлық ұстанымды білдірудің әртүрлі формалары мен стратегиялары талданып, олардың қазақ прозасының эстетикалық құндылығын арттырудағы маңызы көрсетіледі. Сонымен қатар, зерттеуде авторлық ұстанымның маңыздылығы мен оның әдеби талдау үдерісіндегі рөлін айқындауда отандық және шетелдік әдебиеттанушылардың теориялық көзқарастары мен зерттеулері қарастырылады. Авторлар осы зерттеу арқылы қазақ әдебиетінің ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарын ашуды мақсат етеді. Қазақ прозасындағы авторлық ұстанымды жеткізу әдістері мен формаларын талдау ұлттық әдебиеттің тереңдігі мен көркемдік деңгейін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу қазақ әдебиетінің эстетикалық құндылықтарын тереңірек тануға және оның ұлттық идеалдар мен құндылықтарды насихаттаудағы рөлін анықтауға бағытталған.
Авторлық ұстаным, 1960-1980 жылдардағы қазақ прозасы, көркемдік құралдар, композициялық құралдар, ұлттық әдебиет, әдебиет теориясы.