Түйіндеме Мәтінді оқу, оқығанды түсіну – маңызды әрекет. Бұл білім беру саласы үшін ғана емес, кез келген тұлғаға қажет. Бүгінгі ақпараттар ағыны секунд сайын өзгеріп, толығып отыратын цифрлық қоғамда адамның өзіне керегін тез әрі дұрыс таңдау жасауы үшін белгілі бір оқу дағдыларын меңгеруі тиіс. Мақалада аналитикалық оқу түрі және оның өзіндік ерекшеліктері қарастырылды. Алдымен, «мәтін» терминінің мәні ашылып, одан кейін мәтінді оқудың түрлері, атап айтқанда, М.Адлердің теориясы талданды. Сонымен қатар, «аналитикалық оқу» және «аналитикалық оқылым» терминдерінің қолданысына түсіндірме берілді. Аналитикалық оқу қолданысы үдерістің, әрекеттің сипаты ретінде, сол түсінікпен байланысты қолданылса, аналитикалық оқылым – осы оқу үдерісі негізінде қалыптасатын оқу дағдысы. Аналитикалық оқылым – бұл саналы және сыни тұрғыдан мәтіндерге талдай жасай алу, ақпараттарды ажырата білу, ондағы негізгі идеяларды таба алу және деректер (фактілер) мен көзқарастарды айыра алу қабілеті.
оқылым, аналитикалық оқу, мәтін, рефлексия, сыни ойлау, оқу стратегиялары.