Abstract


Methods of Translating Jokes in Intercultural Audiovisual Translation

Мақалада қазақ тілді комедиялық фильмдегі әзілдерді орыс тіліне аударып, субтитрлерді әзірлеу мәселесі талқыланады. Зерттеу тақырыбының нысаны ретінде «Келінжен» фильміндегі әзіл бірліктері таңдап алынды. Авторлар ситуациялық аударма моделі аясында комедиялық фильмдегі қазақ әзілдерін орыс тіліне аудару барысындағы вербалды құралдар мен әдістерді анықтауды мақсат етеді. Әзілге берілген анықтамаларға талдау жасап, авторлар әзіл бірліктерін аудару тәсілдерінің өзіндік классификациясын жасайды, содан кейін «Келінжен» фильмінің мысалында аудиовизуалды мәтіндердегі әзіл бірліктерін аудару ерекшеліктерін қарастырады. Жұмыстың нәтижесінде авторлар әзіл бірліктерін аудару кезінде аударма стратегияларының өзіндік классификациясын (мәдени бейімдеу, ауыстыру, сөзбе-сөз аударма, өткізіп жіберу) ұсынып, оны және осы фильм аясындағы әзілдің нақты бірліктерін аудару стратегиясына қолданады. Зерттеу нәтижелері аудиовизуалды аударма теориясы мен практикасы саласында, сондай-ақ аударма сабақтарында қолдануға болады.



Keywords

Түйін сөздер: әзіл, комедиялық фильм, аудиовизуалды аударма, әзілді аудару стратегиялары


Kaynakça