Abstract


Academician Rabiga Syzdyq’s Concepts and the Experience of Global Linguostylistics

Қазақ руханияты мен тілтанымының дара тұлғасы – академик Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толуы қарсаңында ғалымның қазақ тілтанымына қосқан айрықша ғылыми үлесін зерттеу және насихаттау – атқарылуы тиіс ізгілікті шаралардың бірі. Қазақ лингвостилистикасындағы академик Рәбиға Сыздық тұжырымдамаларының ғылыми-әдіснамалық негіздерін жүйелеу, қазақ көркемсөзінің ұлттық көркем тіл нормаларындағы мәртебесін айқындау, қазіргі қазақ әңгімелерін лингвостилистикалық аспектіде талдау – қазақ тілтанымындағы тың ғылыми және өзекті бағыт. Академик Рәбиға Сыздықтың лингвостилистикалық тұжырымдамалары мен көлемді прозалық шығармаларды талдау тәжірибесі қазіргі қазақ әңгімелеріндегі стильдік әсерді тудыратын санқырлы сөзқолданыс үлгілерін талдаудың метамоделін жасауға мүмкіндік береді. Мақалада әлемдік тілтанымдағы лингвостилистиканың қалыптасуы мен дамуында маңызды орын алған бірқатар тәжірибелер мен академик Рәбиға Сыздықтың қазақ лингвостилистикасындағы ғылыми тұжырымдарына шолу жасалады.



Keywords

академик Рәбиға Сыздық, қазақ лингвостилистикасы, тұжырымдама, қазіргі қазақ әңгімелері, әлемдік лингвостилистика тәжірибесі.


Kaynakça