Бұл мақалада жас ұрпақты мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік сынды құнды қасиеттерге баулудың маңыздылығы қарастырылады. Сондай-ақ, салауатты және саналы ұрпақ тәрбиелеу, рухани бай тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі талқыланады. Жастардың рухани-музыкалық құндылықтар негізінде мінез-құлқы, сана-сезімі, қарым-қатынасы, талғамы мен ішкі жан дүниесін дамытуға және оны келер ұрпаққа жеткізу әрбір азаматтың парызы екендігі атап өтіледі. Мақаланың негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, өнеріміз бен әдебиетімізді, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтап қалуға көзделген.
рухани музыкалық құндылық, тәрбие, ұрпақ, ұлттық салт - дәстүр, мәдениет, әдет-ғұрып,ұлттық рух.