Білім беру саласына жасанды интеллектті (ЖИ) енгізу – жоғары білімді трансформациялаудың негізгі факторы. Бұл мақалада ЖОО-да ЖИ қолданудың негізгі бағыттары, соның ішінде оқытуды дербестендіру, әкімшілік үдерістерді автоматтандыру, деректерді талдау және ғылыми зерттеулерді қолдау қарастырылған. Сондай-ақ білім беруде ЖИ қолданумен байланысты қиындықтар мен этикалық мәселелер талданады. Мақалада қазақ тілін мамандыққа сай оқытуда іс-тәжірибелік тұрғыда өз нәтижелілігін дәлелдеген әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталған. Заманға сай ЖИ құралдарын оқу үдерісінде қолдану ілім алушылардың үлгерімі мен кері байланысы туралы деректерді жинау және талдау университеттерге білім беру бағдарламаларын жақсартуға мүмкіндік береді. ЖОО-да заң терминологиясын оқытудың заманауи әдістері бойынша эксперименттік зерттеудің нәтижелері, сандық көрсеткіштері келтіріледі. Жасанды интеллект жоғары білімді түрлендірудің жаңа мүмкіндіктерін ашады, оны дербестендірілген, тиімді және қолжетімді ететіндігі айғақталды.
жасанды интеллект, инновация, әдіс-тәсіл, геймификация, термин, эксперимент.